Меңгеруші блогы

Балабақша туралы ақпарат

«МАЛИКА» мектепке дейінгі шағын ораталығы» ЖШС- мекен жайы: Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Бәйдібек би көшесі №90А ғимараты (атақты Шымкенттің самса көшесі).
Біз 2014 жылы ашылдық. Мектепке дейінгі шағын орталық 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды жан-жақты дамыту және баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда, балаларды әлеуметтік бейімдеуде олардың ата-аналарына әдістемелік-кеңес беруді қолдау мақсатында құрылды. Соның ішінде атап өтсек:
1) балаларды ерте жастан әлеуметтендіруді қамтамасыз ету;
2) әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, балалардың ақыл-ой, адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабілеттерін дамыту;
3) балалардың денсаулығын сақтау;
4) балаларды күтуді, қарауды ұйымдастыру;
5) балалардың дамуындағы ауытқуларды уақытында түзеу;
6) ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру болып табылады.

Ата-аналармен арасындағы өзара қарым-қатынас шартпен реттеледі және де біз өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Үлгілік ережелерін, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, өрт қауіпсіздігінің ережелерін, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа аламыз.
Қазіргі таңда ғимаратымыз 96 балаға арналған 4 тобымыз бар. Тиісті кадрлық, санитарлық-гигиеналық, материалдық-техникалық жағдайлары (ойыншықтар, оқу құралдары мен инвентарлар) толық жабдықтарылған.
Әр топ баланың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген, 3 топта қазақ тілінде және 1 топ орыс тілінде жұмыс жасайды.
Оқу-тәрбие процесі балалар үшін ерекше болып табылатын қызметтің түрлерін ескере отырып жүзеге асырылады: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрландырылған, қозғалыс белсенділігі, сондай-ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, балалардың жастық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі топтарымен жұмыс жасау мүмкіндігін көздейміз.
Балабақшамызда әрбір топқа арналған ойын, тамақтану, демалу бөлмелері және санитарлық-гигиеналық тораптары бар.
Дала ауласында жабдықталған алаңдары бар, олар ойын құралдарымен, велосипедтермен, әткеншекпен, сырғанақтармен жабдықталған.
Медицина кабинеті балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар, сауықтыруға арналған медициналық құралдармен және керекті дәрі-дәрмектері бар.
Біздің жұмыс уақытымыз: сағат 08.00 – 18.30-ға дейін, 5 күндік.

  1. · Кіші топ (1-2 жас)
  2. · Кіші топ (2-3 жас)
  3. · Ортаңғы топ (3-4 жас)
  4. · Ересек тобы (4-5 жас)
  5. · Мектеп алды топ (5-6 жас)

Біздің қызметкерлеріміз оқу-тәрбие процесі кезінде балалардың денсаулықтарын және өмірін қорғауды қамтамасыз етеді!